|
Other manuals for this model:
manual abstract
Сведения о владельце: Құлыптау экранында көрсеткіңіз келетін мәтінді енгізіңіз.
ПАРОЛИ: Бұл опция арқылы таңдалған құпия сөзді енгізген кезде оның көрінетіндігін/көрінбейтіндігін
таңдай аласыз. Құсбелгі ұяшығы белгіленсе, құпия сөз көрінеді. Белгіленбесе, құпия сөз енгізгенде
**** ретінде көрсетіледі, бұл құпия сөзіңіздің қауіпсіздігін арттырады.
АДМИНИСТРИРОВАНИЕ УСТРОЙСТВА: Планшетті басқару және интернет-дүкеннен алынбаған
бағдарламаларды орнату үшін осы параметрді орнатыңыз.
Администраторы устройства: Бұл функциялар қарапайым пайдаланушылар үшін қолжетімді
емес. Ұйымдарында алдын ала сәйкес қауіпсіздік параметрлерін орнатқан TsingMail
пайдаланушылары ғана осы функцияларды пайдалана алады.
Бұл мүмкіндіктер Корпоративтік саясат орталығымен (Lenovo Enterprise Policy Manager) бірге
жұмыс істейді. Корпоративтік саясат орталығы Lenovo корпоративтік платформасының
қауіпсіздік саясатын іске асырады. Пайдаланушы Lenovo корпоративтік поштасы мен қызмет
көрсету функциясын іске қосса, Корпоративтік саясат орталығы автоматты түрде іске
қосылады. Бұл планшетке ұйымыңыздың ақпараттық технологиялар бөлімі тарапынан
орнатылған қауіпсіздік саясатын, мысалы құпия сөз қорғанысы арттырылған міндетті
скринсейверлерді қабылдауға мүмкіндік береді. Осы функцияларды іске қосу сондай-ақ
планшетіңізге компанияңыздың АТ бөлімі нұсқауларын қабылдауға, мысалы, деректерді
қашықтан жоюға және құрылғыңыздың параметрлерін бастапқы қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Неизвестные источники: Интернет-дүкеннен сатып алынбаған бағдарламаларды орнатуға
рұқсат беру үшін осы опцияны таңдаңыз.
ХРАНИЛИЩЕ УЧЕТНЫХ ДАННЫХ: Бұл функция планшетіңізге арнайы қауіпсіздік сертификаты мен
басқа сертификат қажет веб беттер мен жергілікті желілерге кіруге мүмкіндік береді.
Надежные сертификаты: Барлық сенімді CA сертификаттарын таңдау үшін осы опцияны
...